10 Шілде 08:29

«Канелоның» Головкинмен үшінші айқасы алдындағы қарсыласы кім?

Фото:

 WBA Super нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) 12 қыркүйекте рингке оралмақ ниетте, деп хабарлайды sports.kz.

Алматы, NEGE. ESPN Deportes ақпаратына қарағанда, мексикалықтың командасы өздеріне екі қарсыласты белгілеп отыр. Олардың алғашқысы— украиндық Сергей Деревянченко (13-2, 10 КО), ал екіншісі - WBA Super нұсқасы бойынша супер орта салмақтағы әлем чемпионы Каллум Смит (27-0, 19 КО). Таяуда Деревянченконың бапкері Андре Розье, оған кіммен айқасса да, мейлі Альварес немесе Джермалл Чарло бәрі бір (33-1, 17 КО), деп мәлімдеген еді. Деревянченко да 12 қыркүйектегі кездесуге дайындықты бастап кетті. Айта кетсек, 2021 жылы «Канелоның» қазақстандық Геннадий Головкинмен үшінші айқасы күтіліп отыр. 

Тегтер: