20 Желтоқсан 12:21

Канело Головкинмен кездесуге келісім берді

Фото:

Мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес бір жылдық демалыстан кейін рингке шықты. Британдық Каллум Смит пен Канело жекпе-жегі тартысты өтті. 

Алматы, NEGE. Канело Головкиннің ісін қайталап жеңіске жетті. Бірақ, GGG секілді кездесуді уақытынан бұрын аяқтай алмады. Американың Сан-Антонио қаласындағы Alamodome алаңына жиналғандар толық 12 раундтық бокс тамашалады. Альварес төрешілер шешімімен кезекті жеңісіне қол жекізді.

Марапаттау рәсімінен кейін журналистерге сұхбат берген боксшы Головкинмен жекпе-жек өткізуге дайын екенін жеткізді. 

«Мен тек мықтылармен жұдырықтасқым келеді. Егер кездесу керек болса мен дайынмын. Және оған дайын екенімді дәлелдедім», – деді Альварес. 

Тегтер: