6 Желтоқсан 18:34

Канело Головкинмен жекпе-жекке шықпақ

Фото:

Канело Головкинмен жекпе-жекке шығатынын айтты.

Алматы, NEGE. Мексикадан келген әлемдік бокс жұлдызы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинмен келіссөздердің егжей-тегжейін айтып берді. Сондай-ақ олардың көптен күткен трилогиясының қашан болуы мүмкін екенін хабарлады, деп хабарлайды Sports.kz. «Маған қарсы жекпе-жек – Головкин үшін карьерасын аяқтағанға дейінгі ең қалаулы жекпе-жек. Біз пандемия басталғанға дейін Головкинмен келіссөздер жүргіздік.

Осы жылы үшінші жекпе-жекті өткізу мүмкіндігін талқыладық, бірақ пандемияға байланысты бәрін жоюға тура келді. Қазір мен үшін ең алдымен басқа мақсаттар маңызды. Бұл Каллум Смит және орта салмақтағы титулдарды біріктіру. Головкинмен кейінірек кездесеміз», – деп Канело сөзін келтіреді talkSPORT.

Тегтер: