21 Ақпан 14:40

Қанат Ислам жеңісін Жаңатаста қаза тапқан сәбилердің рухына арнады

Фото:

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Флорида штатының Майами қаласында өткен жекпе-жекте Эквадор спортшысы Джейсон Минданы нокаутпен жеңді.

Алматы, NEGE. Қанат негізі Гана спортшысы Ободаи Саимен шығуы тиіс еді. Бірақ Америка пандемияға байланысты Саиды елге кіргізбепті.

Дереу жаңа қарсылас іздеп, ұйымдастыру комитеті Минданы ұсынған. Қанат өз келісімін берді. Жекпе жек Қанаттың басымдылығын байқтты. 2019 жылдан бері рингке шықпаса да Ислам өз шеберлігін сақтап қалған.

Рингте сөз алған Қанат өз жеңісін Жаңатаста қайтыс болған бес сәби рухына арнап, ата-анасына көңіл айтты.

Тегтер: