14 Қаңтар 17:18

Қанат Ислам мен Данияр Елеусінов IBF рейтингінен шығып қалды

Фото:

Халықаралық бокс федерациясы (IBF) барлық салмақ санатындағы боксшылар рейтингінің жаңартылған нұсқасын ұсынды.

Алматы. NEGE.  Sports.kz қазақстандық боксшылардың позицияларын ұсынды: Екінші орта салмақта Айдос Ербосынұлы төртінші орнын сақтап қалды. Алғашқы екі позиция бос, үшінші орында – ресейлік Евгений Шведенко. Бұл дивизиондағы IBF әлем чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес. Орта салмақта әлем чемпионы атағы Геннадий Головкинге тиесілі. Жәнібек Әлімханұлы тоғызыншы орнында қалды. Ал Мейірім Нұрсұлтанов 12-ші орыннан 13-ші орынға төмен түсті. 14-ші орында болған Қанат Ислам рейтингке ілінбей қалды.

Үздік 15-тің ішінде бірінші орында – бразилиялық боксшы Эскива Фалькао, екінші орын бос, үшінші орында – неміс Патрик Войцицки. Жартылай орта салмақта өткен айда 13-ші орында болған Данияр Елеусінов те рейтингке ілінбеді. Бұл дивизионда әлем чемпионы – америкалық Эррол Спенс, алғашқы екі позиция бос, ал үшінші орында – оның отандасы Джарон Эннис.

Тегтер: