17 Тамыз 15:34

Қамшыбек Қоңқабаев Кеңес Рақышевқа бокс қолғабын сыйлады

Фото:
Қазақстан бокс федерациясы Токио-2020 Олимпиадасының жүлдегерлері мен қатысушыларын марапаттады. 
 
Алматы, NEGE. Алматыда өткен шараға бапкерлер мен спортшылар, БАҚ және федерация өкілдері қатысты.
 
Жиынды ашып берген Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Хамитұлы Токиодан келген спортшылар мен олардың бапкерлерін арнайы марапаттады. Қола жүлде иегерлері Қамшыбек Қоңқабаев пен Сәкен Бибосыновқа 50 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы қолма-қол табысталды. Ал, оларды осы додаға баптаған бапкерлерге 10 мың АҚШ доллар берілді.
 
Кеңес Рақышев Олимпиадаға жолдама ұтып алудың өзі орасан еңбек екенін айтып өзге спортшылар мен бапкерлерге ынталандыру сыйлығын табыстады.
 
Жиын соңында сөз алған бокстан Қазақстан Ұлттық құрама капитаны Қамшыбек Қоңқабаев «Қазақ боксы әлі талай белесті бағындырады. Алтын аламыз деп бардық бірақ, болмады. Біз сабақ алдық. Болашақта қазақ туын жықпайтын талай боксшы шығатынына кәміл сенімдіміз» дей келе команда атынан Олимпиада қолғабын Кеңес Хамитұлына сыйға тартты. 
Тегтер: