9 Желтоқсан 10:04

«Қайтқан белдікте қайыр бар»

Фото:

Британиялық боксшы Энтони Джошуа америкалық Энди Руиcге қарсы реванш өткізіп, маусымда «атаған» белбеулерін қайтарды.

Алматы, NEGE. Жуырда Сауд Арабия астанасы Эр-Риятың маңындағы Ад-Дирия қаласының тұрғындары мен қала қонақтары тарихи бокс кешіне куә болды. Осы күні жарнамасы аспандап тұрған былғары қолғап шеберлері Джошуа мен Руис реваншы аңызға бергісіз өтті. Шаршы алаңда жеңіліп көрмеген британдық боксшы маусым айында қолдан жеңілгендей әсер қалдырып, жанкүйерді таңдандырған. Не керек Ад-Дириядағы бокс кешінде Джошуа ұпай санымен жеңіске жетті.

Үш төреші де жеңісті британдық боксшыға берді: 118: 110, 119: 109, 118: 110.

Осылай Джошуа өте ауыр салмақтағы WBA, WBO, IBF және IBO чемпиондық белбеуін қайтарды. Онымен қоймай, бокс тарихындағы ең қымбат гонорардың бірін алды. Джошуа бұл реванш үшін 88 миллион АҚШ доллар алды.

30 жастағы Джошуада 23 жеңіс және бір жеңіліс, ал Руисте 33 жеңіс пен 2 жеңіліс бар. Қазіргі уақытта өте ауыр салмақтағы 4 беделді белбеудің бірі (WBC) Деонтей Уайлдерде.
 

Тегтер: