20 Қаңтар 11:26

«Қайрат» қорғанысқа 3 миллион еуро берді

Фото:

Алматылық «Қайраттың» футболдан Польша құрамасының жартылай қорғаушысы Яцек Гуральскиді қаншаға сатып алғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Vesti.kz. 

27 жастағы ойыншының «Қайратқа» ауысқаны ресми түрде 19 қаңтарда хабарланды. Гуральски алматылық клубпен үш жылға келісімшартқа отырған.  «Қайрат» ойыншы үшін миллион еуро төлеген. Қазір трансферлік нарықта футболшының құны – 3 миллион еуро. 

Гуральскийдің соңғы клубы болгариялық «Лудогорец» болған. Бұл клубта ол 2017 жылдан бері ойнады.  Ал Польша құрамасында 2016 жылы қарашада дебютін өткізген.

2018 жылы жазда футболшы Ресейде өткен әлем чемпионатына қатысты. Ұлттық құрама сапында 13 матч өткізіп, бір гол соққан. 

Тегтер: