28 Қаңтар 09:03

«Қайрат» қырғыздың «Мессиін» сатып алды

Фото:

«Алматының «Қайраты» Қырғызстан ұлттық құрамасының жартылай қорғаушысы Гүлжігіт Алықұловпен келісімшартқа қол қойды», – деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

Алматы, NEGE. 2000 жылы Бішкек қаласында дүниеге келген Гүлжігіт жергілікті «Дордой» командасында үлкен футболдағы алғашқы қадамын жасаған. 2017 жылы Түркияның «Антальяспор» клубының жастар құрамында өнер көрсетті. 2018 жылы Қырғызстанға оралып «Қара-Балта» және «Алға» командаларының намысын қорғады. Қырғызстан Премьер-лигасында барлығы 28 ойында 7 гол соғып, 9 мәрте нәтижелі пас берген. Қырғызстандық футболшы былтыр Беларусьтің Гродно қаласының «Неман» клубында 24 ойынға қатысты. Онда 4 гол соғып, нәтижелі 4 пастың иесі атанды.

Сондай-ақ, биыл «Қайрат» сапына қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов те қосылды. Былтыр «Ақтөбе» құрамында 29 ойынға қатысып, 16 гол соққан сұрмерген  Абат Қазақстан ұлттық құрамасында да ойын көрсетіп жүр.

Тегтер: