30 Қазан 20:59

«Қайрат» басты қарсыласын жеңді

Фото:

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 16-турында «Астана» мен «Қайрат» командалары кездесті.

Алматы, NEGE. Бұған дейін екі команда 40 мәрте кездесті. Оның 18-де «Астана» басымдық танытса, 12-і «Қайраттың» жеңісімен аяқталды. Қалғанында тең нәтиже тіркелді .

Бүгінгі кездесуде тартысты ойын өрбіді. Екі команда алма-кезек шабуылға иек артты. Ойынның 31-минутында «Қайраттың» шабуылшысы Абат Айымбетов есеп ашты. Осылайша ол биыл өзінің оныншы добын соқты.

Сұрмергендер көшінде 10 голмен «Ордабасы» ойыншысы Жоао Паоло алғашқы екі орынды өзара бөлісіп тұр.

Бүгін «Қайрат» басты қарсыласын 1:0 есебімен жеңді.

Турнир кестесінде олардан 14 ұпайға ұзап кетті. «Қайратта» 16 ойыннан кейін 41, «Астанада» 15 ойыннан кейін 27 ұпай бар.

Алматылық клуб чемпиондық атаққа бір табан жақындай түсті.

«Астана» енді бес ойын өткізеді. Ал «Қайраттың» алда төрт кездесуі бар.

Тегтер: