3 Қараша 17:57

«Қайрат» – чемпион

Фото:

Алматының «Қайрат» футбол клуб Қазақстан чемпионатының «алтын» жүлдесін жеңіп алды.

Алматы,  NEGE. Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясында Алматының орталық стадионында «Қайрат» Шымкенттің «Ордабасы» клубын қабылдады.

Кездесу есебін бразилиялық шабуылшы Вагнер Лав ашты.

Мұнан соң «Ордабасы» футболшылары айып алаңында Вагнер Лавты шалып шығып, төреші пенальти белгіледі.

Нұрәлі Әліп қателескен жоқ.

Екінші таймда чемпионаттың үздік шабуылшысы Жоао Пауло гол соғып, есеп айырмасын қысқартқан. Алайда «Қайрат» қарқынын тоқтатпады.

Ойын соңына таман алматылықтар үшінші голын соқты.

Осылайша матч 3:1 есебімен «Қайраттың» пайдасына шешілді. Чемпионатта 44 ұпайды қанжығасына байлаған алматылық команда мерзімінен бұрын Қазақстан чемпионы атанды.

Соңғы рет алматылықтар 2004 жылы елдің үздік командасы атанған еді.

Тегтер: