17 Қаңтар 10:11

Исламхан ресейлік клубқа барды

Фото:

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан Санкт-Петербург қаласының «Зенит» клубына ауысады, – деп хабарлайды Vesti.kz порталы.

Алматы, NEGE. Ресейлік премьер-лиганың көшбасшысы қазіргі уақытта жаңа маусым алдындағы жиынды Катарда өткізіп жатыр. Таяуда Исламхан алматылық «Қайратпен» жаттығу өткізді, ал кеше, 16 қаңтарда, «Зенитке аттанды».

Футболшы «Қайраттан» еркін агент ретінде кетті, бірақ команда құрамында оқу-жаттығу жиынын бастады.

2019 жылдың соңында оның алматылық клубпен келісімшарты аяқталды. Исламхан оны ұзартпады, бірақ келісім бойынша ол ҚПЛ-да ойнай алмайды. Сондай-ақ ресейлік «Локомотив» және «Крылья Советов» клубтары тарапынан жартылай қорғаушыға қызығушылық танытып отырғаны айтылған еді.

Тегтер: