12 Ақпан 17:23

Илья Ильин – чемпион

Фото:

«Илья Ильин Ташкентте өтіп жатқан ауыр атлетикадан 6-шы Халықаралық чемпионатта алтын медаль жеңіп алды», – деп хабарлады Қазақстан ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

102 келіге дейінгі салмақта Ильин 355 келі (160 + 195) нәтижесімен үздік атанды. Екінші орында – Катар өкілі Фарес Ельбах, жалпы нәтижесі 353 келі (159 + 194). Үшінші орынды Өзбекстан өкілі Умарбек Шохназаров (341 келі - 155 + 186) иеленген.

Бұған дейін Қазақстан құрамасына алғашқы «алтынды» 286 келі (130 + 156) салмақ нәтижесімен 61 келілік ауыр атлет Игорь Сон жеңіп алған.

Токио Олимпиадасының қарсаңында өтіп жатқан чемпионатқа әлемнің 47 елінің спортшылары қатысуда.

Тегтер: