12 Қазан 19:40

Хоккей: Қазақстан чемпионаты қашан басталады?

Фото:

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты 19 қазанда басталады. Алғашқы тур еліміздің 6 қаласында өтеді.

Алматы, NEGE. Биыл чемпионатқа барлығы 13 команда қатысады. Олардың қатарында «Номад» (Нұр-Сұлтан), «Алтай-Торпедо» (Өскемен), «Торпедо» (Өскемен), «Снежные Барсы» (Өскемен), «Арлан» (Көкшетау), «Бейбарыс» (Атырау), «Құлагер» (Петропавл), «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Теміртау» (Теміртау), «Сарыарқа» (Қарағанды), «Ертіс» (Павлодар), «Алматы» (Алматы) және «Горняк» (Рудный) командалары бар.

Алғашқы турда «Номад» пен «Алтай-Торпедо», «Торпедо» мен «Снежные Барсы», «Арлан» мен «Бейбарыс», «Құлагер» мен «Ақтөбе», «Теміртау» мен «Сарыарқа», «Ертіс» пен «Алматы» өзара шеберлік байқасады.

Қазақстан чемпионаты 1992 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Бүгінгі күнге дейін «Торпедо» - 13, «Бейбарыс» - 4, «Ертіс-Павлодар» - 3, «Барыс» - 2, «Номад», «Сарыарқа», «Қазақмыс», «Арлан», «Болат» командалары бір-бір мәрте чемпион атанды. Биыл коронавирус инфекциясына байланысты жеңімпаз анықталған жоқ.

Тегтер: