6 Сәуір 15:30

Хабиб жарыстан шеттеп қалды

Фото:

UFC-дің жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нұрмагомедов UFC 249 турнирінен шеттеп қалды. Турнир 18 сәуірде Бруклине өтуі тиіс болатын. Алайда кейін індеттің өршуіне байланысты өтетін орны ауысты.

Алматы, NEGE. Жуырда танымал спорт тілшісі Ариэль Хельванидің атын жамылған әлдебіреу Туиттер парақшасына былай деп жазған: «Шұғыл! Дана Уайт пен Владимир Путин келісімге келді. Хабибті АҚШ-та өтетін турнирге жеткізетін болды. Ол 18 сәуірде Тони Фергюсонмен жұдырықтасады!» деп жазған.

Алайда UFC басшысы Дана Уайт мұны жоққа шығарды. «Бұл – жалған. Турнир өтеді, бірақ Хабиб одан шеттеп қалды. Ертең жарысқа қатысушылардың аты-жөнін жариялаймын», – деді Дана Уайт.

Тегтер: