25 Қазан 15:35

Хабиб карьерасын аяқтағаннан кейін немен айналысатынын айтты

Фото:

Титулын қорғағаннан кейін UFC-тегі карьерасын аяқтаған Хабиб Нурмагомедов болашаққа жоспарын айтты.

Алматы, NEGE. Ресейлік спортшы аралас жекпе-жекке көп ұзамай жаттықтырушы ретінде оралуы мүмкін екенін айтты.

"Жақын арада шыңға ораламыз", - деді спортшы 2012 жылдан бастап Нурмагомедовтың жаттықтырушыларының бірі болып жұмыс істеген Хавьер Мендестің Instagram-дағы видеосында.

Ол Мендестің спортқа жаттықтырушы ретінде оралуың мүмкін бе деген сұрағына: "Үміттенемін... Мен сізге қанша жыл көмектестім, жаттықтырушы?" деп жауап берді. "Көп жыл. Әлі де көп жыл көмектесесің", - деді Мендес.

Тегтер: