20 Қыркүйек 11:28

Головкиннің қашан рингке шығатыны белгілі болды

Фото:

Қазақстандық даңқты боксшы Геннадий Головкин келесі кездесуін желтоқсанда өткізетін болды. Бұл туралы Sportarena.com хабарлады. 

Алматы, NEGE. Промоутер Том Леффлердің айтуынша, Головкиннің қарсыласы әзірге белгісіз. Ал оның Сауль Альвареспен үшінші кездесуі 2022 жылы өтуі мүмкін.

«Қазір Головкин Лос-Анджелес қаласында. Шаршы алаңға жылдың соңында оралуға ниетті. Бірақ әлі ешқандай келісімшарт жасалмады. Бірақ жылдың соңында ол шаршы алаңға шыққысы келеді», – деді Том Леффлер.

«Альварестің DAZN платформасымен келісімшарты бар кезде оның қарсыласы Головкин болуы керек еді. Алайда 2019 жылы ол кездесу өтпей қалды. Бұл Головкиннің кінәсі емес. Олардың кездесуі енді 2022 жылы өтетін шығар», – деді промоутер.

Кейбір сарапшылардың пікірінше, Головкиннің қарсыласы орта салмақта WBA (Regular) белбеуінің иегері жапониялық Риота Мурата болуы мүмкін.

Тегтер: