9 Қаңтар 13:32

Головкиннің қашан рингке шығатыны белгілі болды

Фото:
IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы, жерлесіміз Геннадий Головкин келесі кездесуінде поляк Камил Шереметамен жұдырықтасатын болды. Бұл туралы

Boxing Scene порталы хабарлады.

Алматы, NEGE. Гена осы күнге дейін рингке 40 мәрте шығып, оның бірінде жеңілді, тағы бірінде тең түсті, 35 кездесуді нокаутпен ұтты. Камил Шеремета да оңай шағылар жаңғақ емес. 21 кездесу өткізіп, 5 қарсыласын нокаутқа түсірген. Әзірге оның ешқандай жеңілісі жоқ.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Гена мен Камил 28 наурызда Чикагода жұдырықтасады (АҚШ, Иллинойс штаты). Чикагода поляктардың ірі диаспорасы тұратынын ескерсек, кездесу орны бекер таңдалмағанын байқаймыз.

Тағы бір дереккөздер Головкиннің не сәуірде, не мамырда рингке шығатынын жазды. Қалай десе де, Генаны жанкүйерлері сағынғаны анық. Boxing Scene порталының жазуынша, жерлесіміз жаттығуын бастап кетіпті.

Тегтер: