13 Ақпан 16:19

Головкинді Айға шақырды

Фото:

Поляк боксшысы Камил Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинмен өтетін жекпе-жектің мерзімі мен орны туралы пікірімен бөлісті. «Ай бетінде де айқасуға дайынмын» деген поляк бокшысы.

Алматы, NEGE. Боксшының сөзін Sports.kz былай келтіреді: «Олар біздің ұрыс 11 сәуірде өтеді дейді. Бұл күн мен үшін маңызды, бірақ өтетін орны белгісіз. Онымен Айдың бетінде де айқасуға дайынмын. Кездесудің қай жерде болатыны мен үшін маңызды емес. Уақыт белдеулерінің өзгерісі маған әсер ете алмайды. Бастысы, кездесудің мерзімі, оны білген күні дайындықтың уақытын жоспарлай аламын. Егер кездесу сәуір айында болса, онда наурыз айында дайындықты бастаймын», - деген Шеремета.

Еске сала кетейік, Головкин-Шеремета шайқасы алдын ала болжам бойынша 11 сәуірге белгіленген. Кездесу Чикагода (АҚШ) өтуі мүмкін. 

Тегтер: