5 Ақпан 15:40

Головкин Роналдуды бүгінгі туған күнімен құттықтады

Фото:
IBF және IBO тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин

туриндік «Ювентус» пен Португалия құрамасының шабуылшысы, «Алтын доптың» бес дүркін иегері Криштиану Роналдуды туған күнімен құттықтады.

Алматы, NEGE. «Туған күніңмен, чемпион! Саған және отбасыңа өмірде бар жақсылықтарды тілеймін. Алға! Екеуміздің DAZN-ға арнап жасап жатқан ортақ жобамыздың нәтижесін көргенше асықпын», – деп жазды Гена өзінің Твиттер парақшасында.

Еске сала кетсек, Головкин мен Роналду бірлескен жоба дайындап жатыр, жоба жайлы егжей-тегжейлі сипаттама әлем спортсүйерлері үшін әзірге құпия.

Тегтер: