22 Желтоқсан 09:14

Головкин реваншқа қалай қарайды?

Фото:

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Дэниэл Джейкобс жаңа дивизиондағы сәтті дебютінен кейін қайта күшіне міңген сыңайлы. Әйтеуір ескі жылғы есіне түсіп, "Головкиннен есе қайтарғым келеді" депті. 

Алматы, NEGE. Джейкобс орта салмақтағы IBF және IBO титулдарының иегері Геннадий Головкинмен реванш өткізгісі келетінін мәлімдеді. 

"Менің келесі жекпе-жекім қандай салмақта болатыны белгісіз. Мен әрі қарай дамығым келеді, ең мықты екенімді дәлелдегім келеді. Ең бастысы – бейімделу және дұрыс бағытта жылжу. Джермалл Чарломен жұдырықтасқым келеді немесе Головкинмен реванш өткізуге болады", – деді Джейкобс.

2017 жылы Головкинмен жекпе-жек өткізген Дэниэл төрешілер шешімімен жеңіліс тапқан. Десе де ол сол уақытта Геннадий Головкинмен 12 раундқа дейін жұдырықтасқан бірінші боксшы болды.

21 желтоқсанда Джейкобс Финиксте екінші орта категориясы аясында мексикалық Хулио Сезар Чавесті (51-4-1, 33 КО) мерзімінен бұрын жеңді. Осы кеш аясында қазақстандық Данияр Елеусінов те өнер көрсетті.

Тақырыпқа орай: Елеусінов ел үмітін ақтады

Тегтер: