6 Желтоқсан 09:28

Головкин мен Шеремета жекпе-жекке шықпауы мүмкін

Фото:

Көптен күткен жекпе-жек өтпеуі мүмкін.

Алматы, NEGE. Өйткені, полшалық боксшың бапкері коронавирус жұқтырды. Орта салмақта өнер көрсететін Камиль Шереметатың ресейлік бапкері Федор Лапин коронавирус жұқтырды. Бұл туралы Fightnews.com порталы ақпарат таратты, деп хабарлайды vesti.kz.

Лапин Шереметедан бөлек тағы бір полшалық боксшы Кшиштоф Гловацкиді де жаттықтырады. Ол да коронавирус жұқтырыпды. Енді оның 12-желтоқсан күні Лондонда WBO белбеуі үшін британдық Лоуренс Околиге қарсы жекпе-жегі де өтпей қалуы мүмкін. Бұл айқас Джошуа мен Пулев арасындағы айқастың андеркартында болуы керек еді.

Айта кетейік, 18-желтоқсан күні Холливкд (Флорида штаты, АҚШ) Шеремета қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жек өткізу керек. Бұл кештің басты жекпе-жегі болып, 12 раундқа жоспарлан кездесу болу керек еді.

Ал осы кештің андеркартында тағы бір қазақстандық боксшы, Али Ахмедов те шаршы алаңға шығады. 12 раундқа жоспарланған бұл кездесуде оның қарсыласы эквадорлық Карлос Гонгора болады.

Тегтер: