5 Желтоқсан 10:50

Головкин мен Роналду ортақ жобада

Фото:

Орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен әлемдік футболдың жұлдызы Криштиану Роналду бір жобаға қатысып жатыр.  Спортшылар Instagram желісіндегі парақшаларында Туринде DAZN түсіріліміне қатысып жатқандарын жазды. 

Алматы, NEGE. "Туринде досым Криштиану Роналдумен тамаша күн. DAZN-мен жаңа жоба дайындап жатырмыз", – деп жазды Головкин.

Оған португалиялық футболшы "Ювентустың" жейдесін сыйлаған.  "Ерекше досыммен DAZN үшін жаңа қызық жобада жұмыс істеп жатырмыз. Көріскеніме қуаныштымын, GGG", – деп жазды Роналду. 

Тегтер: