19 Маусым 19:19

Головкин мен Мурата жекпе-жегі қай күні өтеді?

Фото:

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (41-1-1, 36 КО) жапондық Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жекпе-жегі өтетін күн белгілі болды.

Алматы, NEGE. Австралиялық промоутер Дин Лонерганның айтуынша, Головкиннің Муратамен айқасы Рождество күні (28 желтоқсан) өтеді. Бұған дейін Головкин - Мурата айқасы 31 желтоқсанда Токиода (Жапония) өтуі мүмкін деп хабарланған болатын.

Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, мұның алдында жаз кезінде қазақстандық тағы бір спортшымен бақ таластырады.

Еске салайық, Геннадий IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, ал Мурата WBA Super белбеуіне ие.

Тегтер: