28 Қаңтар 10:51

Головкин мен «Канело» қашан жұдырықтасады?

Фото:

Танымал бапкер Джо Галлахер БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында мексикалық Сауль Альваресті (53-1-2, 36 КО) сынға алды.

Алматы, NEGE. Сынға себеп болған жай Альварестің жапон боксшысы Риота Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтасуға ниеті ауғаны. Әзірге тараптар 2 мамырда Жапонияда жекпе-жек өткізуге келіссөз жүргізіп жатыр. 

«Канело» Мейвезердің істегенін қайталап жатыр – өзіне ұнайтындармен жұдырықтасып жүр, қалғандары оның қалауын ғана орындайды. Егер «Канело» Муратаны таңдаса, Каллумның көңілі қалады. Билли Джо Сондерс те сол. Бәрі де өз алтын билетін күткен, бірақ ол Муратаның қолына түсті. Мұны Мексикада жақсы қабылдайды деп ойламаймын. Лиам екеуіміз сонда болғанбыз, сол кезде бәрі «Канелоның» Смитпен жұдырықтасқанын қалап жатқан еді. Тіпті, Аризондағы мексикалықтар «Канело» – Каллум жекпе-жегін көргісі келген. Бірақ қыркүйекте оған Каллум не Головкинмен жұдырықтасуы керек болады», – деді Галлахер. 

Ал, DAZN стриминг сервисі «Канело» мен қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) жекпе-жегін қыркүйекте өткізуді қалап отыр, сондықтан сервис мексикалық боксшыны мамырда Муратамен кездестірмек.

Тегтер: