11 Ақпан 17:52

«GGG Promotions» жоспары қандай?

Фото:

GGG/360 Promotions компаниясының басқарушы директоры Том Леффлер Геннадий Головкиннің өз промоушенін дамыту бойынша жоспарлары туралы айтты, – деп жазады Sports.kz.

Алматы, NEGE. Сондай-ақ, Леффлер Головкинмен бірге жаттығып жүрген қазақстандық Әли Ахмедовке тоқталды. Ол – GGG Promotions клиенті.

«Геннадий GGG Promotions-ке басқа да боксшыларды алғысы келеді. Онда GGG Promotions-ке жазылған Али Ахмедов бар. Али – үлкен дарын иесі. Ол Джонатон Бэнкспен және Геннадиймен жаттығып жүр. Егер Головкин GGG Promotions-ке жаңа боксшыларды алғысы келсе, үлкен табысқа қол жеткізеді. Себебі, боксшылар Геннадийдің жетістігін құрметтейді. Әли әлем чемпионы атағына көп уақыт өтпей-ақ қол жеткізеді деп ойлаймын. Оның қарқыны жақсы және Джонатонның қоластында біраз дүние үйренді. Оған жаңа қарсыластар керек», – деді Леффлер Under the Hand Wraps-ке берген сұхбатында.

Тегтер: