19 Ақпан 11:28

Гандболшы қыздар Токиоға бара ма?

Фото:

Наурыз айының 19-21-і аралығында Черногория астанасы Подгорица қаласында гандболдан Токио Олимпиадасына іріктеу турнирі өтеді.

Алматы, NEGE. Бұл жарысқа Қазақстан қыздар құрамасы да қатысады. Қарсыластардың осалы жоқ. Барлығы Еуропаның еңселі құрамалары. Олимпиада чемпионы Норвегия мен Еуропа біріншілігінің жүлдегері Румыния және алаң иелері Черногорияның Олимпиада жолдамасынан дәмесі бар. Төрт құрама екі жолдаманы сарапқа салады. Марина Пикалова жаттықтыратын Қазақстан қол добы шеберлері Алматыдағы Достық спорт кешенінде соңғы дайындықтарын пысықтауда. Қазір Ұлттық құрама сапына көптеген жас ойыншылар шақыртылған.

Аға жаттықтырушы Берік Бекназаров: "Осы 2021 жылдағы екінші оқу-жаттығу жинынын өткізіп жатырмыз. Жоспарлаған тағы келесі айда 14 күндік оқу-жаттығу жиыны бар. Осы сбор біткеннен кейін Құдай құласа, Черногорияға іссапарға шығамыз. Осы құрамаға команданың мүшелерін жаңарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Келесі жылда бізде Азия ойындары, соған құрамда жаңарту жасап жүрміз" деді. 

Тегтер: