19 Маусым 12:00

Футбол: Англия мен Шотландия тең түсті

Фото:

Футболдан Еуропа чемпионатының финалдық сатысының топтық кезеңі екінші турында Англия мен Шотландия кездесті.

Алматы, NEGE. Еске салсақ, аталған екі құрама D тобында сынға түседі.

Қарсыластары – Хорватия мен Чехия. Алғашқы турда Англия Чехиядан 1:0 есебімен басым түссе, Шотландия Хорватияға 0:1 есебімен жол берді.

Екі құрама бұған дейін 116 мәрте кездесті. Оның 48-де ағылшындар жеңіске жетіп, 41-де шотландиялықтар басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.

Бүгінгі кездесуде екі құрама жеңіске жету жолын іздеді. Дегенмен таблодағы есеп өзгеріссіз қалды. Ойында 0:0 есебі тіркелді.

Тегтер: