15 Желтоқсан 13:51

Футбол: Әлемдегі үздіктер құрамасына кімдер кірді?

Фото:

Француздың беделі зор France Football басылымы әлемнің ең үздік футболшыларынан құрама жасақтады. Бұл тізімге жасына, ойнаған уақытына қарамастан, үздіктер топтастырылған.  

Алматы, NEGE. Басылым сарапшылары символикалық құраманың қақпасына КСРО құрамасының қақпашысы болған Лев Яшинді қойыпты.

Футбол тарихындағы ең үздік қорғаушылар – бразилиялық Кафу, неміс, Франц Беккенбауэр және италиялық Паоло Мальдини деп шешкен.

Жартылай қорғаушылар неміс Лоттар Маттеус, аргентиналық Диего Марадона, испан Хави Эрнандес және бразилиялық Пеле.

Ал әлемнің үздік құрамасына кірген екі форвард та әлі аттан түскен жоқ. Олар – аргентиналық Лионель Месси мен португалдық Криштиану Роналду. Бұл екеуінің қатарында бразилиялық Роналду да бар.

Тегтер: