27 Ақпан 20:00

Фристайл-могулдан Анастасия Городко Еуропа кубогінің чемпионы атанды

Фото:

Фристайл-могулдан Қазақстан жасөспірімдер командасының мүшесі Анастасия Городко Еуропа кубогінде топ жарды деп жазады Olympic.kz. 

Алматы. NEGE. Еуропа кубогі кезеңдерінде бірнеше рет топ жарған Анастасия турнирдің жалпы есебінде бірінші орыннан көрінді. Қазақстандық спортшы 1450 ұпай жинап, қарсыластарынан қара үзіп кетті. 

Екінші орында 750 ұпай жинаған нидерландтық Жанеке Бергхуис, үшінші орында франциялық Фантин Дергрурт (644). 

Айта кетелік, биылғы маусымда Анастасия Городко 15 рет жеңіс тұғырына көтеріліп, оның 11-де алтын жүлде тағынды. 

Тегтер: