18 Маусым 13:55

Еуропа чемпионаты: Доп додасы қыза түсті

Фото:

Футболдан Еуропа чемпионатының екінші кезеңі басталып кетті. Тартысты доп додасы уақыт өткен сайын қызып келеді. 

Алматы, NEGE. Екінші кезеңді 12 команданың ойынын тамашалап үлгердік. Ресей, Уэльс, Италия, Украина, Бельгия мен Нидерланд құрамалары қарсыластан басым түссе, Финляндия, Түркия, Швейцария, Солтүстік Македония, Дания мен Австрия өздеріне берілген мүмкіндікті жіберіп алды. 

Екінші топтық турды жексенбі күні Испания-Польша құрамаларының ойыны түйіндейді.Бүгін кешкі 19:00-де Швеция-Словакия, 22:00-де Хорватия-Чехия, 01:00-де Англия-Шотландия құрамаларының ойыны өтеді. 

Тегтер: