21 Желтоқсан 12:24

Елеусінов ел үмітін ақтады

Фото:

Олимпияда чемпионы Данияр Елеусінов кезекті, маңызды жекпе-жекте жеңіске жетті. Жәй жеңіс емес, тәп-тәуір атағы бар америкалық Алан Санчесті нокаутқа түсірді.

Алматы, NEGE. Жартылай орта салмақтағы жекпе-жек Финикстегі Talking Stick Resort аренасында (Аризона, АҚШ) өтті. Бокс кешінің басты оқиғасы екінші орта санаттағы әлемнің экс-чемпиондары - америкалық Дэниэл Джейкобс пен мексикалық кіші Хулио Сезар Чавестің кездесуі болды.

Елеусінов - Санчес жекпе-жегі он раундқа есептелген. Алайда қазақстандық көпке созбай қарсыласының қабағын жарып, төртінші раундта дәрігерлер америкалық боксшыны қарауға тура келді.

Жиілеген тексерістен кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, Елеусіновке техникалық нокаутпен жеңісті берді. 

Тегтер: