Денис Евсеев «Челленджер» турнирін сәтті бастады

12 қазан, 19:58
Денис Евсеев «Челленджер» турнирін сәтті бастады
Фото: olympic.kz сайты

Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Аликантеде (Испания) өткен «Челленджер» турнирін сәтті жалғастыруда, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алматы, NEGE.  Ол отандасы Дмитрий Попконы 7-6, 6-4 есебімен жеңді.

Екеуара кездесу 1 сағат 54 минутқа созылды.

Оның келесі қарсыласы өзбекстандық Денис Истомин болмақ.

Айта кетерлігі, іріктеу финалында Денис Евсеев испандық Даниэль Ринконды 7-5, 6-2 есебімен жеңді.