21 Қазан 11:33

Чемпиондар лигасы: «Барселона» қарсыласын ірі есеппен жеңді

Фото:

Бүгін UEFA Чемпиондар лигасы топтық кезеңі басталды.

Алматы, NEGE. G тобында сынға түсетін Испанияның «Барселонасы» өз алаңында Мажарстанның «Ференцварош» клубынан 3:0 есебімен басым түсті. Испаниялық клуб сапынан Лионель Месси 27-минутта пенальтиден есеп ашты. Одан кейін 42-минутта Ансу Фати есепті үстемелей түсті. Ал 52-минутта «Барселонаның» тағы бір ойыншысы Филиппе Коутиньо мергендік танытты. Мажар клубы сапынан Игорь Харатин 70-минутта пенальтиден есеп айырмасын қысқартты. Бұдан кейін испаниялық футболшы Педро Лопес қарсыластар қақпашысын қапы қалдырды. Ал 89-минутта алаң иелері сапынан Усман Дембеле қорытынды есепті белгіледі. Осылайша «Барселона» қарсыласын 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Осы топтағы Италияның «Ювентусы» Украинада Киевтің «Динамосынан» 2:0 есебімен басым түсті. Алғашқы турдағы тағы бір негізгі ойын E тобындағы Англияның «Челси» және Испанияның «Севилья» командалары арасында өтті. Тартысты өткен кездесуде есеп ашылған жоқ. Бұл топтағы Францияның «Ренн» және Ресейдің «Краснодар» командалары 1:1 есебіне қанағат білдірді. F тобында Ресейдің «Зениті» өз алаңында Бельгияның «Брюгге» клубына 1:2 есебімен жол берді. Ал Италияның «Лациосы» өз алаңында Германияның «Боруссия Дортмунд» клубын 3:1 есебімен жеңді. H тобында да тартысты ойындар өтті. Германияның «РБ Лейпциг» командасы өз алаңында Түркияның «Истанбул Башакшехирін» 2:0 есебімен тіз бүктірді. Ал Францияның «Пари Сен-Жермені» өз алаңында Англияның «Манчестер Юнайтедіне» 1:2 есебімен жол берді. Чемпиондар лигасы бүгін, 21 қазанда да жалғасады. Бұл күні А, В, С және Д топтарындағы командалар өзара шеберлік байқасады. 20-22 қазан аралығында Qazaqstan мен QAZSPORT телеарналары УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының топтық кезеңінің матчтарын тікелей эфирде көрсетеді.

Тегтер: