27 Сәуір 19:21

Бублик жеңілді

Фото:

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Александр Бублик Эшторил (Португалия) ATP 250 турнирінің екінші айналымына шыға алмады.

Алматы, NEGE. А.Бублик алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 100-орында тұрған, негізгі жарысқа іріктеу сайыстарынан кейін қосылған испаниялық Педро Мартинеспен кездесті.

Бірінші партияда брейк жасаған П.Мартинес сол басымдығын сақтап қалды – 6:3. Екінші сетте испаниялық теннисші А.Бубликке бірде-бір гейм берген жоқ – 6:0. Бәсеке 52 минутқа созылды.

П.Мартинес екінші айналымда әлемнің 50-ракеткасы, ұлыбританиялық Кэмерон Норри немесе рейтингте 103-сатыдағы португалиялық Жуан Соузаның біреуімен шеберлік байқасады.

Тегтер: