14 Қараша 17:05

Британдық шолушы Тұрсынбай Құлахметке жоғары баға берді

Фото:

Британдық бокс шолушысы әрі BoxRec.com порталының редакторы Хэйдн Уильямс қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахметтің (2-0, 1 КО) соңғы жекпе-жегіне пікір білдірді.

Алматы, NEGE. Боксшылар 11 қарашада Саут Киркбидегі (Англия) MTK Fight Night бокс кешінің негізгі оқиғасы ретінде айқасты.

Төрешілердің бірауызды шешімімен Тұрсынбай Құлахмет бірінші орта салмақтағы WBC International титулының иегері атанды.

«Тұрсынбай Құлахмет Маколей Макгоуэнмен сәрсенбі күні MTK Global шоуында он раунд бойы айқасып, ұпай саны бойынша жеңіске жетті. Менің есептеуім бойынша Құлахмет 99-89 ұпайымен алда болды. Бұл оның екінші жекпе-жегі ғана. Әлемдік бокстағы ең әсерлі өзіндік жол. Сол қолымен ерекше жұмыс істейді және жеңіл қозғалады», – деп жазды Уильямс твиттерде.

Тегтер: