27 Қазан 16:59

Бокстан ӘЧ: Бүгін Асланбек Шымбергенов шаршы алаңға шығады

Фото:

Сербияның Белград қаласында бокстан әлем чемпионатының үшінші жарыс күні басталады.

Алматы, NEGE. Бүгін Қазақстан сапынан екі боксшы шаршы алаңға шығады деп хабарлайды Olympic.kz. 

71 келіде ел намысын қорғайтын Асланбек Шымбергенов ирандық Фархад Морадиге қарсы шығады. 

86 келіде Бек Нұрмағамбет бразилиялық Кено Мачадомен қолғап түйістіреді. 

Кездесулер Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады. 

Тегтер: