27 Қазан 17:38

Бокстан ӘЧ: Асланбек Шымбергенов ирандық қарсыласын жеңді

Фото:

Белградта өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында қазақстандық Асланбек Шымбергенов екінші кезеңге жолдама алды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Алматы, NEGE. 1/32 айналымда Асланбек ирандық боксшы Фархад Морадиге қарсы шыққан болатын. Жекпе-жек бар болғаны екі жарым минутқа созылды. 

Бірінші раундтың аяқталуына 30 секунд қалғанда ирандық боксшының қабағы жарылып, дәрігерлер жекпе-жекті тоқтатты. 

Жарыс ережесі бойынша, дәл осы кезде есепте алда тұрған боксшы келесі айналымға өтеді. Төрешілер 5:0 есебімен Шымбергеновті жеңімпаз деп таныған. 

Асланбек Шымбергеновтің келесі қарсыласы - өзбекстандық Шахрам Гиясов. 

Тегтер: