22 Желтоқсан 11:37

Боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдеме жасады

Фото:

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мәлімдемесінде не деді

Алматы, NEGE. Қазақстандық кәсіпқой боксшыЖәнібек Әлімханұлы (9-0, 5 КО) әлеуметтік желілерде тағы бір мәлімдеме жасады.

«Әлемге жаңа чемпион, жаңадан көретін боксшы керек!» деді боксшы твиттердегі парақшасында.

Бұған дейін Әлімханұлы орташа дивизиондағы басқа чемпиондар: Джермалл Чарло, Сауль «Канело» Альварес жәнен Деметриус Андрадеге бірнеше рет үндеу жіберген.

Еске сала кетсек, Жәнібек Әлімханұлы WBO Global нұсқасы бойынша орта салмақтағы чемпион атағына ие. Соңғы жекпе-жегін қыркүйек айында өткізген – ол кезде Аргентина боксшысы Гонсало Корияны (16-4, 6 КО) нокаутқа жіберген.

Тегтер: