Боксшы қыздар ерледі
Азия чемпионатында қыздардан 7 боксшымыз финалға шықты.
Алматы, NEGE. Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында қыздар арасында жартылай финалдық ойындар өтті. Еске салсақ, ½ финалға Ұлттық құрамадағы қыздардан тоғыз боксшы өткен болатын.
Алдымен 48 келідегі Алуа Балқыбекова> үндістандық Мониканы тізе бүктірді.
Одан кейін 51 келіде жұдырықтасқан Назым Қызайбай> (51 келі) Шри-Ланка өкілі Надека Пушпакумариді үш мәрте нокдаунға жіберді.
Тағы бір қазақстандық Дина Жоламан> 54 келіде үндістандық қарсыласы Сакшиге есе жіберіп, қола жүлдені қанағат тұтты.
Ал 57 келіде Владислава Кухта> үндістандық боксшы Жасейминнен айласын асырып, финалға жолдама алды.
Келесі жекпе-жектерде 60 келіде Римма Волосенко> үндістандық Симранжит Бахтты, 64 келідегі Милана Сафронова> өзбекстандық Мохинабуду Абдуллаеваны ұтты. Осылайша олар енді финалда бақ сынауға мүмкіндік алды.
Лондон Олимпадасының қола жүлдегері Марина Вольнова> (75 кг) өзбекстандық Мавлуда Мәуленоваға есе жіберді. Ұлттық құрама сапынан Ләззат Күнгейбаева> (81 келі) БАӘ-нің өкілі Ханан Аль-Зеюдидің осал тұсын тапты.
Ал Валентина Хальзова> (69 келі) бүгін жекпе-жек өткізбестен бірден финалда ойын көрсетуге мүмкіндік алды.
28 мамыр күні жігіттер арасында жартылай финал ойындары болады. Шаршы алаңға Даниал Сәбит (49 келі), Сәкен Бибосынов (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі), Әбілхан Аманқұл (75 келі), Василий Левит (91 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (91 келіден жоғары) шығады.
Турнирдің ақтық сайысы 31 мамырда өтеді