10 Наурыз 10:09

Бокс: ел құрамасы Амманда жетінші жолдамаға ие болды

Фото:
Қазақстан құрамасы Амманда бокстан жетінші жолдамаға ие болды, деп хабарлады ҚазТАГ дүйсенбі күні ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) баспасөз қызметіне

сілтеме жасап.
Алматы. NEGE. «Қазақстандық боксшы Зәкір Сафиуллин Амманда өтіп жатқан аймақтық іріктеу турнирінде Олимпиада жоламасын жеңіп алды. 63 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасқан ол ширек финалда ирандық Ашкан Разайды ұтты. Нәтижесінде отандасымыз жарыстың жартылай финалына шығып, ел қоржынына тағы бір жолдаманы салды», - делінген дүйсенбідегі хабарда.
Айта кетерлігі, қазіргі таңда қазақстандық боксшыларда жеті жолдама бар. Оны Абылайхан Жүсіпов, Әбілхан Аманқұл, Надежда Рябенц, Василий Левит, Бекзат Нұрдәулетов және Қамшыбек Қоңқабаев иеленді.

 

Тегтер: