12 Қараша 09:29

«Big Drama Жапония». Головкин рингке қашан шығатынын ресми хабарлады

Фото:

Орта салмақтағы IBF және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин рингке қашан шығатынын ресми мәлімдеді. Головкин осы дивизиондағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен жекпе-жек өткізетінін айтты.

Алматы, NEGE. Сонымен, көптен талқыланып келе жатқап кездесу ақыры өтетін болды. Мұны Генаның өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Big Drama Жапония. 29 желтоқсанда кездескенше», – деп жазды GGG Instagram-да. Естеріңізге салайық, екі боксшы да көптен бері рингке шыққан жоқ.

Тегтер: