24 Тамыз 10:47

"Бавария" Чемпиондар лигасын жеңіп алды

Фото:

Футболдан 2019/20 жылғы маусымдағы Чемпиондар лигасының финалында "Бавария" мен "Пари Сен-Жермен" кездесіп, ойын мюнхендік клубтың пайдасына 1:0 есебімен аяқталды.

Алматы, NEGE. Матч 23 тамызда Лиссабондағы "Эштадиу да Луш" стадионында өтті. Бірінші таймда командалар есеп аша алмады. "Бавария" Чемпиондар лигасының биылғы маусымы жазда қайта жалғасқаннан кейін алғаш рет үзіліске дейін гол соқпады.  Матчтағы жалғыз голды "Бавария" хавбегі Кингсли Коман салды. 59-минутта Йозуа Киммих асырған допты Коман баспен қақпаға тоғытты. Осылайша, "Бавария" тарихында алтыншы рет Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанды. 

Тегтер: