21 Қаңтар 21:37

Бауыржан Исламхан «Зенитте» қанша жалақы алады?

Фото:

«Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Бауыржан Исламхан ресейлік «Зенит» клубындағы алғашқы ойынын жақын арада өткізуі мүмкін. Vesti.kz сайтының жазуынша, белгілі инсайдер Сергей Егоров Исламхан «Зенитке» толық ауысқанда қанша жалақы алатынын есептеп көріпті.

Алматы, NEGE. «Ойыншыны (Исламханды – ред.) РПЛ-да бірнеше клубқа ұсынып көрген. Алуға ешкімнің дәті жетпепті. Ол әзірге еркін агент. Әрине, әңгіме оның жалақыға келіп тірелген. Оның жеке келісімшарты 1-1,2 миллион еуроға бағаланады. «Зенит» үшін бұл – көп ақша. Қолымда бар ақпаратқа қарағанда, «Зенит» қаржы көлемін қысқартуға әрекет жасап жатыр. Менің болжауымша, Исламхан «Зенитте» көп тұрақтай алмайды. Ол «Қайратқа» қайта оралуы мүмкін» депті Егоров.

Тегтер: