1 Ақпан 14:00

Бауыржан Исламхан мансабын қайда жалғастырады?

Фото:

Біріккен Араб Әмірліктерінің «Әл-Айн» клубы Бауыржан Исламханды өз ойыншысы ретінде ресми таныстырды.

Алматы, NEGE. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Бауыржан Исламхан мансабын Біріккен Араб Әмірлігінде жалғастырады. Ол «Әл-Айн» футбол клубымен 5 айлық келісімшартқа қол қойды. Клубтың Twitter-дегі ресми аккаунтында «Қош келдің, Исламхан!» деген атпен шағын видеоролик жарияланды. Алдағы уақытта Бауыржан жаңа командасында 8-ші нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді.

Тегтер: