15 Наурыз 19:50

Батуттағы гимнастикадан ҚР чемпионаты басталды

Фото:

Алматыда батуттағы гимнастикадан жасөспірімдер мен жастар арасында ҚР чемпионаты басталды.

Алматы, NEGE. Жарыс «№9 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі» базасында өтуде. Оған Нұр-Сұлтан, Алматы, Павлодар, Шымкент, Петропавл, Өскемен, Тараз, Орал, Қарағанды қалаларынан 205 спортшы қатысады. «Бүгін жарыстың мықтылары іріктелді. Ертең сағат 09:00-де финал басталады. Жарыс алдында спортшылардың барлығы ПЦР тест тапсырған. Чемпионат көрерменсіз, карантин талаптарына сай өткізілуде», – деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Спорттық дода үш күнге созылып, 18 наурызда аяқталады. Жеңімпаздар арнайы грамота, медальдармен марапатталады.

Тегтер: