26 Қаңтар 13:28

Батыр Жүкембаев мексикалық қарсыласын нокаутқа түсірді

Фото:

Қазақ боксшысы Батыр Жүкембаев Канаданың Монреаль қаласында өткізген кәсіпқой бокстағы кезекті жекпе-жегінде мексикалық Рикардо Лараны нокаутқа түсірді. Алғашқы орташа салмақтағы кездесу он раундқа  есептелген еді, бірақ Жүкембаев қарсыласын екінші раундта ақ сұлатып түсірді.

Алматы, NEGE.

Осылайша Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы 18-ші кездесуін де жеңіспен аяқтады, ал Жүкембаевтың жуан жұдырығынан нокаутқа кеткен қарсыласының саны14-ке жетті. Рикардо Лара үшін бұл рингтегі 8-ші жеңілісі.

Тегтер: