14 Қаңтар 11:35

«Барселонаның» бас жаттықтырушысы неге кетті?

Фото:

Каталониялық «Барселона» футбол клубының бас жаттықтырушысы Эрнесто Вальверде қызметінен кетті. Кейбір ақпарат көздерінің хабарлауынша, тараптар келісімшартты үзу жөнінде өзара келіскен.

Алматы, NEGE. Клуб қожайындары  Вальвердеге алғыс айтып, алдағы жұмысына табыс тіледі.

Вальверде «Барселонаның» бас жаттықтырушысы болып 2017 жылы тағайындалған. Оның жетекшілігімен клуб екі рет Испания чемпионатын, бір рет Испания суперкубогын ұтып алды. Биыл «Барселона» Испания чемпионатында бірінші орында келе жатқанымен, мадридтік «Реалмен» ұпайы тең. Екі команда да 40 ұпай жинады.  

Клуб басшылығы Вальверденің орнына Кике Сетьен тағайындалғанын хабарлады. Сетьен бұған дейін «Бетис» клубын жаттықтырған.

Тегтер: