26 Маусым 18:15

Барри Холбрук: GGG-ді жеңетін боксшы бар!

Фото:

Boxingnews24.com ақпараттық порталының журналисі Барри Холбрук кәсіпқой бокстан орта салмақтағы әлем чемпионы, жерлесіміз Генадий Головкин әйгілі Мэнни Пакьяомен кездессе, қазақстандық боксшы үшін ең ауыр кездесу болар еді деген пікір айтыпты.

Алматы, NEGE. Барридің айтуынша, филипиндік мықты боксшының Головкинмен кездескісі келетіндігін оның жеке бапкері Фредди Роуч хабарлаған. Алайда, Пакьяоның кеңесшісі мұндай жоспардың болмағанын және мұндай кездесудің бұл өмірде ешқашан болмайтынын мәлімдеді.

«Әгерәки, Головкин шаршы алаңда Пакьяомен кездессе, жылдымдық жағынан, соққы беру мен әбжіл қимыл жағынан әжептәуір қиналған болар еді. 2016 жылы Келл Брукпен кездесуін көргеннен кейін, Головкиннің шапшаң қимылдайтын қарсыласқа жедел жауап қайтара алмайтынын байқадық. Келл сол кездесуінде көзінің сол жақ ұясының сүйек сынығына қарамай, GGG-ді ібден састырды. Егер сол жарақат болмаса, мүмкін головкинді жеңіп те кетер еді», - деп жазады журналист Барри Холбрук.

Тегтер: