27 Желтоқсан 18:52

«Барыс» жеңіске жетті

Фото:

Құрлықтық хоккей лигасы аясында «Барыс» 26 желтоқсанда елордада Ресейдің «Амур» (Хабаровск) командасымен кездесті.

Алматы, NEGE. Бүгінгі кездесуде елордалық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Қарсыластар қақпасына жиі шабуыл жасады. Нәтижесінде бірінші кезеңнің 5-минутында «Барыс» хоккейшісі Якоб Лилья мергендігімен көзге түсті.

Екінші кезеңнің 24-минутында ресейлік хоккейшілер таразы басын теңестірді. Бұл жолы голды Михал Йордан өзінің еншісіне жазды.

Ал 38-минутта Мэтт Фрэттин «Барысты» қайтадан алға шығарды.

Үшінші кезеңде де «Барыстың» басымдығы байқалып тұрды. Осындай шабуылдарда Кёртис Валк 41, Әлихан Әсетов 53, Якоб Лилья 58-минуттарда гол соғып кетті. Оған 59-минутта «Амур» хоккейшісі Доминик Машин бір голмен жауап қайырды.

Ойында «Барыс» қарсыласынан 5:2 есебімен басым түсті.

Осылайша қатарынан бес ойында жеңіске жетті. Нәтижесінде елордалық клуб турнир кестесінде 13-орынға көтерілді.

Сондай-ақ, елордалық хоккейшілер бұдан бұрын «Авангардтан» басым түскен еді. Енді «Барыс» екі ойынды Нұр-Сұлтанда өткізеді. Алдымен 28 желтоқсанда «Сибирь» (Новосібір), одан кейін 30 желтоқсанда «Металлург» (Магнитогорск) командаларымен кездеседі.

Тегтер: